Сансыз туристердің мекені - Сайрам

Oinet.kz 16-11-2021 669

Screenshot_24.jpg

Сансыз баптардың мекені атанған Сайрам қазіргі уақытта Шымкент қаласының Қаратау ауданына қарайды. Мұнда көптеген тарихи нысандар орналасқан. Ибрагим ата, Қарашаш ана, Әбділ Әзіз бап, Мірәлі бап, Мәртөбе сияқты тарихи орындар туристердің қызығушылығы зор. 

Жергілікті халықтың қолында сақталып қалған шежірелерде Сайрамның негізін Ыдырыс пайғамбардың қалағаны жазылған. Көне Сайрамның орны осы уақытқа дейін ғылымда нақтыланбаған. Кейбір болжамдар бойынша ол Сайрам су өзенінің сол жағалауында, Қазығұрт тауына жақын жатыр. Белгілі түркітанушы Бартольдтың еңбектері де осыны меңзейді. Ал қала қазіргі орнына кем дегенде осыдан екі мың жыл бұрын қоныстанған. Оған қаланың орнынан табылған жәдігерлер куә. Егер Сайрамға археологиялық қазба жұмыстары кең көлемде жүргізілсе, қазақ тарихына қатысты қаншама деректер табылар еді.

Қазба жұмыстары көне қалаға қатысты ақиқат пен аңыздың да аражігін ажыратып берер еді?! Өйткені көне Сайрамға қатысты аңыз көп. Солардың бірінде Нұх пайғамбардың кемесі топан судан кейін Қазығұрт тауының басына тоқтағаны айтылады. Топан су кейін қайтқан соң, төңіректе бірінші болып Сайрам өңірі көрінген екен. Нұх пайғамбар сонда қоныстанып, адамзаттың екінші өмірі Сайрам жерінен басталған деседі. 

Әрине, аңыздың аты аңыз. Бірақ оның ақиқаттан алыс еместігін археологтар да дәлелдеп отыр. Осыдан бірнеше жыл бұрын Сайрамда жүргізілген қазба жұмыстары қаланың 9 ғасырдан бастап Ұлы жібек жолы бойындағы мәдениеті мен қолөнері дамыған қала болғанын көрсетті. 

Сайрам мен Шымкент Қазақстандағы ең көне қала
Төрт қақпалы - Сайрам
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу