Сайрам мен Шымкент Қазақстандағы ең көне қала

Oinet.kz 16-11-2021 586

Screenshot_23.jpg

Қазақ жерінде Сайрамнан көне қаланы таба алмауыңыз мүмкін. Тарихшылардың айтуынша, Сайрам туралы ең ескі  дерек біздің жыл санауымыздан бұрынғы төртінші ғасырда жазылған парсылардың кітабы--«Авестада» ұшырасады екен. Аталған кітапта ол «Сайрим елі» деп жазылған.  Қаланың атауы туралы түрлі болжамдар бар. Кейбір тарихшылар «Сайрам» деген сөз көне түркі тілінен аударғанда «Тастақ сай» дегенді білдіреді дейді. Қаланың Сайрам су өзенінің бойында орналасуы, жерінің тастақты болып келуі бұл болжамды қуаттай түседі.  Ал, қаланың ортағасырылардағы атауы «Исфиджаб».  Ол --«Екі дария аралығы» дегенді білдіреді. Қала өз тарихында Аққала, Орынкент деген атаулармен де белгілі болған. 

Көне парсы деректерінде Сайрам-- «Сайрим» деп жазылған. Мұндағы «Сайр» деген сөз парсы тілінде «бас» дегенді білдіреді. Бұған қарағанда Сайрам «Бас қала» деген мағынаны беруі де мүмкін. 

Сайрам мен Шымкент өз дамуында алма-кезек жетекші қала мәртебесін алған. Мәселен, 9 ғасырға дейін Шымкент жетекші қала атанса, бұдан кейінгі жылдары Сайрамның маңызы артқан. Ал 19 ғасырдан бастап Шымкент қайтадан басымдыққа ие болды. 

2013 жылы Үкімет қаулысымен бұған дейін Сайрам ауданының құрамында болып келген Сайрам Шымкент қаласының аумағына қосылды. Осылайша өз тарихында қатар дамып келген екі тарихи қала бір әкімшілік аумаққа біріктірілді. 

Ғалымдардың зерттеуінше Шымкенттің кемінде 2200 жылдық тарихы бар.   Яғни, Шымкент те Қазақстандағы ең көне қалалардың бірі болып есептеледі.

Шымкенттің көне тарихы, сонымен бірген оның тарихи, әулиелі жерлерге бай болуы тарихи туризмді дамытуға мүмкіндік береді. Қазір осы бағытта көптеген тың жобалар жүзеге асуда.  

Мірәлі бап-ХІ ғасырға тән ескерткіш
Сансыз туристердің мекені - Сайрам
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу