Мірәлі бап-ХІ ғасырға тән ескерткіш
Шымкентте туристер аялдайтын негізгі орындардың бірі Сайрам елді мекеніндегі Мірәлі баб кесенесі.
Кесененің өзі XII-XV ғасырларда тұрғызылған. ХІ-ХІІ ғасырларда ислам дінін күшейту мақсатында Исфиджап (Сайрам) қаласында, феодалдардың танымал адамдарына арналып салынған ескерткіш.
Алайда табиғи жағдайлардың кесірінен біраз бұзылып, ХІХ ғасырда күрделі жөндеуден өткізіліп, қайтадан салынған.
Мірәлі баб кесенесі ежелгі Сайрамның көне құрылыстарының бірегейі. Жергілікті тұрғындардың бұл ескерткішті күтіп ұстауы арқасында бастапқы кейпі болмаса да, біздің уақытымызға дейін сақталған. Әрине, бірнеше жөндеу жұмыстары жүргізілген. Аумағы 9,8х6,4 м, күмбезінің биіктігі 9 м кесене төрт бұрышты портал-күмбез түрінде салынған, ішкі құрылымы аркалы қабырғалардан тұратын шаршы үй. Мойындығы мен күмбезін қасбетке қаратылған кірпіш белдеу бөліп тұр. Қабырғалары күйдірілген кірпіштен қаланған.
Мірәлі баб XI ғасырдың соңы мен XII ғасыр басында өмір сүрген. Ол өз дәуірінің діни ілімге жетік ғұламаларының бірі болған. Ислам дінін кеңінен насихаттау, уағыздау, ел арасында таратуда көп істер атқарған. Мірәлі Бап – өз дәуірінің жетік ғұламасы, ислам дінін кеңінен насихаттауға үлкен үлес қосқан. Мірәлі баптың атасы Қазірет Мәлік патша (X-XII ғ.) Қожа Жүсіп Хамаданимен дос болған. Олар бір-біріне хат жазысып, кітап арқылы жіберіп, пікір алмасып тұрған. Бұл кісілердің «бап» деп аталуы да олардың әділет пен ақиқат жолында қосқан үлестерін аңғартады.
Оның әкесі әзіреті Мәлік Сайрамға патша болып, атақты Қожа Жүсіп Хамаданимен дос болған екен. Мірәлі бабтың екі ұлы болған. Қожа Насыралла және Қожа Фатхұлла өз дәуірінің танымал оқымыстылары болған екен. Екеуінің қабірлері әкесінің жанына, сол кесене ішіне қойылған.