Әбділ Әзіз бар-Қарахан дәуірінен қалған жәдігер

Oinet.kz 15-11-2021 512

Screenshot_21.jpg

Шымкент қаласындағы туристік нысандардың бірі Әбділ Әзіз баб кесенесі. Қаратау ауданы Сайрам елді мекенінде орналасқан кесене  — Қарахан дәуіріне (IX ғ.) тән сәулет ескерткіші болып табылады. 

Ғимарат үш жартылай сферикалық күмбезбен жабылған: біреуі ортада және енді шетінде. Портал шеті аркамен жабылған. Портал бұрыштарында доғал келген бағаналар бар. Порталдың жоғарғы жағы карнизбен аяқталған. Қабырғалары күйдірілген кірпіштен салынған. Порталдың бүйір тұсынан солтүстік фасадында 0,820 белгідегі баспалдаққа шығар жол бар.Орталық кіреберіс қақпаға қарама қарсы михраб орналасқан.

Сайрам ауданында 9 ғасырда салынған, Қожа Ахмет Иасауидің «Рисала» атты бізге қолжазба күйінде жеткен кітабында Абд ул-Әзиз баб Мұхаммед пайғамбар бастаған ислам жолына түскен алғашқы кісілердің бірі екендігі айтылады. Оны есімінің соңына қосылған «баб» сөзі де байқатады. Абд ул-Әзиз Сайрамдағы Ибрахим атамен (Қожа Ахмет Иасауидің әкесі) және Отырардағы Арыстан бабпен аталас. Күмбез 16 ғасырда қалпына келтірілген. Оны қайта салдырған қазақ ханы Наурызахмет (Барақ) деген мәліметтер бар. Бұл күмбез Сайрамдағы ең үлкен кешен саналады, ол орта ғасырлық сәулет дәстүрінде салынған. Төрт бұрышты күйдірілген кірпіштерден қаланған күмбезді кешен үш бөлмеден тұрады. Кірер аузы текшеленіп, аркамен тізілген, екі жақ босағасына бағаналар орнатылған. Кешенді жөндеуден өткізген құрылысшылар күмбездің бастапқы жобасын сақтауға тырысқан.

Шымкентте төрт археологиялық ескерткіш бар
Мірәлі бап-ХІ ғасырға тән ескерткіш
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу