Шымкентте төрт археологиялық ескерткіш бар

Oinet.kz 15-11-2021 935

Screenshot_20.jpg

Шымкентте жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енетін 8 нысанның төртеуі қала құрылысы және сәулет ескерткіштері, ал қалған төртеуі археологиялық ескерткіштер қатарына енеді. Бұлардың барлығы да қаланың әр бөлігінде жатыр.

Атап айтқанда бұл нысандар: Металлургтар сарайы 1 Мамыр көшесі, 10 үй (1950-ші жж ортасы):  Тұрғын үй Анаров көшесі, 22 үй (ХХ ғ басы);  Никольский шіркеуі Кең-Баба балалар саябағының ішінде (ХХ ғ басы);  Мектеп, Қалдаяқов көшесі, 12 үй (1950-ші ж ортасы); Шымкент қалашығы қаланың оңтүстік бөлігінде (б.з.д ІІІ-ІІ ғғ. б.з.-ХІХ ғғ);  Оба (патшалық) Д. Қонаев және Т. Рысқұлов көшелерінің қиылысында (І-ІҮ ғғ);  Оба қорымы Бадам өзенінің сол жағасы, Шымкент қаласынан Ташкентке шығар жолда (б.з.д. І мыңжылдық);  Жеке оба Бадам өзенінің сол жағасы, майкомбинатына қарсы бетте (б.з.д І мыңжылдық) орналасқан.

Мұның барлығы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айтылған «Қазақстанның жалпыұлттық киелі орындары» жобасы аясында жүзеге асырылып отыр.

Тарихи-мәдени мұраларды насихаттау жұмыстары бойынша Шымкент қаласының даму тарихын бейнелейтін «Цитадель» (Ескі қаланы жаңғырту) кешенін айтуға болады. Ескі қалашық аумағына зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл аумақта көне археологиялық парк кешенін мұражай етуге бағытталған ауқымды істер қолға алынды. Қазба жұмыстары толық аяқталған соң мұнда ашық аспан астындағы музей, амфитеатр ашылады.

Шымкентте 7 тарихи нысан республикалық тізімге енген
Әбділ Әзіз бар-Қарахан дәуірінен қалған жәдігер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу