Қызыр мұнарасы - бірегей нысан

Oinet.kz 13-11-2021 527

Screenshot_17.jpg

Шымкенттегі ерекше туристік нысандардың бірі Қызыр мұнарасы. Аталған нысан Сайрам елді мекенінде орналасқан. 

Жалпы, Сайрам өңірі ислам дінін қабылдаған соң, елді мекеннің орталығында үлкен мұнара мен мешіт тұрғызылып, ел-жұрт оны «Қызыр мұнарасы» деп атап кеткен. Көзі ашық, көңілі ояу діндарлар Қызырды көзі тірі пайғамбарлардың бірі деп есептеген. Оның Қызыр атану себебі, ол отырған жердің түсі әп-сәтте жасылға айналады екен. Жасыл түс пен жер дүниенің көктеп, гүлдеуін араб тілінде «хезра» деген. «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының менеджер-кеңесшісі Гүлнар Бекмұратова мұнараның биіктігі жер сілкінісі салдарынан 10,5 метрден қазіргі 5,7 метрге дейін шөккенін айтады. Шымшаһарды туристік орталыққа айналдыру мақсатында аталған нысандарды күтіп-баптауға үлкен мән берілуде. Осы орайда «Қызыр» мұнарасын зерделеп, реставрация жүргізу бағытында тарихшы-археологтермен бірлесіп жұмыс атқарылуда. Мысалы, Шымкент қалалық туризм және сыртқы байланыстар басқармасының және «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің бастамасымен биылғы жылдың ақпан айында меценат Бауыржан Мырзатаевтың демеушілігімен мұнараның аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізіліпті. Ол тарихи жәдігерімізді жөндеп, қалпына келтіру жұмыстарына 15 млн теңге қаржысын салған.

Қарашаш ана- туристер келетін негізгі нысан
Шымкентке Түркиядан келетін туристер саны артқан
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу