«Ескі қалашық» ашық аспан астындағы мұражайға айналады

Oinet.kz 11-11-2021 459

Screenshot_14.jpg

Шымкенттегі құрылыс, қалпына келтіру жұмыстары қызу жүріп жатқан «Ескі қалашық» «Қазақстан Республикасы туристік саланы дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясындағы туристендіру картасының ТОП-50 нысанының тізіміне енгізілген.  «Цитадель» қалашығында ашық аспан астындағы мұражай, амфитеатр, галереялар, жәдігерлер, қолөнер бұйымдары, ежелгі және ортағасырлық қаланың даму динамикасын сипаттайтын өзге де қызықты нысандар көп. 

Ұлттық ғылым академиясының академигі Бауыржан Байтанаевтың айтуынша, XIX ғасырдың басында қоныстың ежелгі тұрғындары бұл жерді «Ескі Шымкент» (ескі қала) деп атаған және оның аумағы бірнеше есе үлкен болған. Шахристан мен көптеген рабады бар қалашық бірнеше шақырымға созылады. Уақыт өте келе қала өзгеріп, ежелгі қоныстың аумағы болған жерде құрылыс жүргізілген, яғни археологтер қорған тұрған жерде қазба жұмыстарын жүргізуге мәжбүр болды. Дәл осы жерде бекініс қабырғаларының іздері табылды.

Ұзақ жылдар бойы құпиясын ішіне бүгіп келген «Ескі қалашықта» жүргізілген қазба жұмыстары Шымкент тарихының осыдан 2200 жыл бұрын басталатынын көрсетті.  Археологтар Шымкенттің көне замандарда Орталық Азиядағы мәдениеті гүлденген Самарқан, Бұқара сияқты қалалармен тығыз байланыста болғандығын дәлелдеді. 

​«Цитадель» ерекше археологиялық нысан
Сайрам- туристік мүмкіндік
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу