«Цитадель» ерекше археологиялық нысан
Шымкенттің тарихи орны-«Ескі қалашық» немесе «Цитадель»- жергілікті маңызы бар тарихи және мәдениет ескерткіштерінің Мемлекеттік тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасы үшін ерекшеленетін археологиялық нысан саналады. 2020 жылы «Цитадельдің» барлық бөлігінде ғылыми реставрациялық, мұражайландыру, бекіту және археологиялық жұмыстар аяқталып, бүгінге нысанды музей ретінде пйдалануға беру жұмыстары жүргізілуде.
Тарихтан терең сыр шертетін шежірелі орын ортағасырлық қалалардың стиліндегі бекініс болып қайта қалпына келтірілді. Шымкент цитаделі тек үшінші мегополистің ғана емес, бүкіл еліміздің тарихи нысаны болып табылады. Қаланың ескі шаһарында аумағы 5,03 гектар болатын цитадель құрылысының бірінші кезеңі аяқталғанда, яғни өткен жылы Елбасы Н.Назарбаев келіп көріп, тарихтан терең сыр шертетін шежірелі «Цитадель» қалашығы туристер мен қала тұрғындарын қызықтыратын, жастар рухани құндылықтарын арттыратын орынға айналатынын және ол күндер де алыс еместігін айтқан болатын. Жерасты археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған әрбір зат цитадель музейінің негізгі экспонаттары ретінде сақталып, қала тарихынан шынайы сыр шертеді.
Шымкенттің тарихын танытатын, туристердің ерекше қызығушылығын оятып жатқан «Цитадель» үшінші мегаполистің ең қонақжай нысандарының біріне айналары сөзсіз.