Бизнеске арналған грантқа 150 миллион бөлінбек

Oinet.kz 29-04-2021 626

Screenshot_25.png

Шымкент қаласында «Бизнестің жол картасы - 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша гранттарға өтініш пен құжат қабылдау науқаны өткен болатын. Уақыт аяқталғаннан соң конкурстық грант нәтижесі үшін арнайы «Бизнеске арналған үкімет» фронт офисінде байқауда бақ сынасушылардың инновациялық жобалары тыңдалды. Идеясы піспеген азаматтарға комиссия мүшелері кеңес беріп өтті.

Негізінен бағдарлама аясында 2020 жылдың қорытындысы бойынша 2 454 млн. теңгеге 530 жобаға қолдау көрсетілді. 2019 жылмен салыстырғанда 2 есе артық (2019 жылы 2 224 млн. теңгеге 227 жоба). Ал биылғы жылдың бюджеттік жоспарын арнайы маман толығырақ айтып берді

- Қазіргі таңда бірінші кезеңде жергілікті бюджет есебінен 150 миллион теңге қаралған. Сол бойынша конкурс өткізілетін болады. Ал «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасының екінші кезеңі күзде яғни, қазан айында болады. Ол республикалық бюджеттен 46 миллион теңгеге тек жас кәсіпкерлердің жобалары қаралатын болады, - дейді Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық  даму басқармасының бөлім басшысы Үсен Исаев.

Байқау барысын прокуратура және «Антикор ЛАЙФ» өкілдері қадағалады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметкерлер шара барысынан тікелей эфирге қосылды. 


Ашытқысыз нан пісіретін келіншек цех ашпақ ниетте
Нефролог маман шетелдік әдіс-тәсілдермен ота жасайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу