Нефролог маман шетелдік әдіс-тәсілдермен ота жасайды
Медициналық туризм саласындағы әлемдік ахуал үнемі өзгеріп келеді. Егер бұрын Батыс Еуропа мен АҚШ елдері көшбасшылар болып саналса, бүгінде оларды Оңтүстік Корея, Қытай, Үндістан және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері де ығыстырды. Соңғы уақытта медициналық туризм Қазақстанда да қарқын алып келе жатқаны анық.
Бүгінде Шымкент қаласында жұмыс істейтін Вячаслав Ли – өңірдегі үздік дәрігерлердің бірі. Білікті маман сегіз жылдан бері денсаулық сақтау саласында еңбек етеді. Ол еңбек жолын № 1 қалалық клиникалық ауруханасынан бастап, осы күнге дейін аталған ауруханада жұмыс істейді.
Елімізде медициналық туризмді дамыту тұжырымдамасында (бұдан әрі - тұжырымдама) экономикалық және әлеуметтік дамуға, азаматтардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған медициналық туризм саласындағы әлемнің жетекші елдерінің тәжірибесі пайдаланылған.
Вячаслав Ли нефролог мамандығы бойынша Оңтүстік Корея клиникаларында біліктілігін арттырып, шетелдік дәрігерлермен «трансплантациядан кейін пациенттерді жүргізу» және «бүйрек трансплантациясы» тақырыбында шеберлік-сағаттар өткізген.
Дәрігер Слава барлық шұғыл және жоспарлы операциялар, бүйрек биопсиясы, гемодиализ және ағза алмастыру отасын жасайтын білікті маман. Славаның ұлты кәріс болғанымен, қиындықсыз қазақ тілін меңгерген.
Қазақшаны еркін білетін ақ халатты абзал жан жылына нефрологиялық ақауы бар 300-ден аса науқасты емдейді.