Ерекше автомектеп ашуға ынталы азамат
Бүгінгі таңда кәсіпкерлер үшін мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндігі зор. Әсіресе еліміздің экономикасына үлес қосарлық инновациялық идеяларды үкімет қолдайды. Соның нәтижесінде біршама кәсіпкерлер өзінің идеясын жүзеге асырып, әрі экономиканы жандандырып, жаңалық әкеліп, әрі өзінің табысына табыс қосуда.
Үкімет бекіткен «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы талай жұрттың кәсіп ашып, нәсіп табуына жол ашты. Өткен жаңалықтарымызда кәсіп бастауға ниеттілерге қайтарымсыз қаражат алуға үміткерлерден өтінімдер қабылданып жатқанын айтқан болатынбыз. Құжат қабылдау аяқталды. Бүгін инновациялық жобаларға мемлекеттік гранттар беру бойынша байқау өтті.
5 сәуір мен 19 сәуір аралағында 209 өтінім түсіп, оның 30 өтінімі қайта қайтарылды регламентке сәйкес құжат дұрыс тапсырылмағандықтан. 179 өтінімнің жобасы 3 жұмыс күнінде қаралып, тыңдалатын болады.
Кәсіп ашамын деп «Бизнестің жол картасы» бағдарламасына құжат тапсырғандарың бірі – Жарылқасын Шотыбаев. Ол “Бизнеске арналған үкімет” фронт офисіне келіп өзінің жобасын ұсынды.
Жарылқасын Шотыбаев – үшінші топтағы мүгедек. Қала тұрғыны Автомектеп ашуға ынталы. Бүгін сарапшылардың алдында өз жобасын қорғады. Ал, комиссия мүшелері Жарылқасынның жобасына жаңашылдық енгізуді ұсынды. Айталық, мүгедектерді көлік айдауға үйрететін арнайы мектептер бізде жоқтың қасы.