Грант кімге бұйырады?
Шымкентте өзінің кәсібін дамытып, еліміздің экономикасына үлес қосқысы келетін барша азаматтарға тиімді жоба ұсынылған еді. Яғни, ол «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.
Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін «5 млн. теңгеге дейінгі» мемлекеттік гранттар беру бойынша байқау өткізу туралы хабарлаған болатын.
Байқауға құжаттамаға өтінімдерді ұсыну мерзімдері:
Өтінімдерді беруді бастау күні мен уақыты: 2021 жылдың 5 сәуірі сағат 10-00-ден бастап;
Өтінімдерді беруді аяқтау күні мен уақыты: 2021 жылғы 19 сәуірі сағат 13-00-ге дейін еді.
Ал қазіргі таңда «Бизнестің жол картасы–2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында инновациялық жобаларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру бойынша конкурс отырысы өтуде.
Бұл бағдарлама шеңберінде 2 млн теңгеден 5 млн теңгеге дейін қайтарымсыз қаржы беріледі.
5 сәуір мен 19 сәуір аралағында 209 өтінім түсіп, оның 30 өтінімі қайта қайтарылды регламентке сәйкес құжат дұрыс тапсырылмағандықтан.
179 өтінімнің жобасы 3 жұмыс күнінде қаралып, тыңдалатын болады.