«QazTrade» Шымкенттегі өндіріс аймақтарымен танысты

Oinet.kz 23-04-2021 557

Screenshot_14.png

«QazTrade» даму және сауда саясаты орталығы» АҚ өкілдері «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағына келді,. «QazTrade» даму және сауда саясаты орталығы» АҚ жалпыұлттық сауда жүйесінің өзекті мәселелерін зерттейді, анықтайды және елдің сауда саясатын жүзеге асыруға белсенді қатысады. 

Яғни, «Qazatrade» шетелдік нарықтарға біздің өнімдеріміздің ұсынылуын кеңейту мүмкіндігі тұрғысынан талдау жүргізеді. Әңгіме осы нарықтарға арналған жаңа тауарлар, сондай-ақ экспортқа шығарылатын өнімді жеткізу көлемін ұлғайту мүмкіндігі туралы болып отыр. Мәселен, соңғы бірнеше жылда жекелеген елдерге жеткізілген импорттық тауарлардың тізбесі талданады. 

Сапар барысында қонақтарға «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының қызметі таныстырылып, сондай-ақ « Azala Cotton» ЖШС, «АГФ Групп» ЖШС, «Хлопкопром-целлюлоза» ЖШС, «Бал Текстиль» ЖШС және «Шымкент Кашемир» ЖШС кәсіпорындарының өндірістік алаңдары бойынша шолу экскурсиялары ұйымдастырылды.

Өз кезегінде, «QazTrade» даму және сауда саясаты орталығы» АҚ-ның өкілдері кәсіпорын басшыларымен экспорттық шығындарды өтеу және экспортты ұлғайту мүмкіндіктері мәселелерін талқылады.

«Qazaqtrade» бүгінде қазақстандық экспорттаушыларды қолдаудың «бірыңғай терезесіне» айналды. Экспорттаушылар үшін қызметтердің кең спектрін ұсыну үшін export.gov.kz ақпараттық-талдау порталы іске қосылды.


Екі жылдық инвест жобаларға 1 триллион теңге
Түркиялық инвестор өндірісін Шымкентте қолға алмаққа ниетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу