Екі жылдық инвест жобаларға 1 триллион теңге

Oinet.kz 24-04-2021 646

Screenshot_13.png

Инвестор үшін ерекше жағдайларды қамтамасыз ету бойынша нақты шешім қабылдау инвестициялық штабтың басты міндеті. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен өткен Инвестициялық штабтың кезекті отырысында 2022-2023 жылдарға жоспарланған жобалардың ағымдағы жағдайы мен хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы қаралды. Жоспар бойынша алдағы екі жылда 1 триллион теңгеден астам инвестиция тарту көзделуде.

Осы жылдар ішінде қайта өңдеу өнеркәсібі, ауылшаруашылығы, сауда, білім мен денсаулық саласында және тұрғын үй құрылысы бағытындағы инвестициялық жобалар жүзеге асырылады деп күтілуде. Бұл жобаларға инвестиция тарту мен оның жүзеге асырылуын бақылау осы штаб отырысында талқыланып, түйткілді мәселелердің шешімі қаралатын болады.

Жалпы қала экономикасы үшін денсаулық, тұрғын үй, қайта өңдеу өндірісі мен агроөнеркәсіптік кешен секілді базалық секторларға инвестициялар тартуға ерекше назар аударылып отыр.

Штаб отырысында тұрғын үй, жеке білім нысандары бойынша атқарылатын инвест жобалардың шешілмей жатқан мәселелері талқыға түсті. Жер телімдерін мемлекет мұқтаждығына қайтару, инфрақұрылым жеткізу бойынша бірқатар кедергілер бары айтылды.


2200 жылдық Шымкент тарихы туралы ғылыми конференция өтуде
«QazTrade» Шымкенттегі өндіріс аймақтарымен танысты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу