Түркиялық инвестор өндірісін Шымкентте қолға алмаққа ниетті

Oinet.kz 23-04-2021 591

Screenshot_15.png

Бүгінде Шымкент қаласындағы экономикалық аймақтарға бас сұғып, өзінің инвестициялық жобаларын жүзеге асырғысы келетін шетелдік кәсіпкерлер көп. Олар арнайы келіп, жоба мүмкіндіктері мен артықшылықтарымен танысып кетіп жатыр. Арасында қойылған талаптарға келісіп, инвестиция құйып үлгергендер бар.

Жақында "Ekmekci tel tekstil taşimacilik gida SAN.VE TIC. LTD. ŞTI " түрік компаниясының өкілдері "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағына келді. Бұл компания 20 жыл бойы сымнан орау өнімдерін шығарады. Өндіріс қуаттылығы жылына шамамен 18 мың тонна өнімді құрайды.

Сапар аясында қонақтар біздің инвестициялық алаңымыздың артықшылықтарымен және арнайы экономикалық аймағына резиденттігін алу тәртібімен танысты.

Сонымен қатар, инвесторларға В2В форматында «Бал Текстиль» ЖШС кәсіпорнының басшылығымен кездесу ұйымдастырылып, кәсіпорын басшылары "Оңтүстік"АЭА-на инвестициялау тәжірибесімен бөлісті.

Сапар соңында, түрік инвесторлары өз өндірісін орналастыру үшін "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағына қызметінің басым түрлерін кеңейтуге бастамашылық жасауға ниет білдірді.

Айта кетсек, "Оңтүстік" АЭА аумағында түрік инвестицияларының қатысуымен жалпы құны 6 млрд.теңгені құрайтын 3 жоба іске асырылды.


«QazTrade» Шымкенттегі өндіріс аймақтарымен танысты
Шымкентте шетелдік инвесторлар екі зауыт салмақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу