Нұр-Сұлтандықтар туристік орталықтың көмегімен қаланы аралады
Шымшаһарға қонақ болып келушілер саны күн сайын артуда. Әсіресе «Shymkent Tourism Center» туристік ақпараттық орталығы ашылғалы бері әр түрлі қалалардан арнайы келіп, шаһарды топ болып аралайтындар көп. Олар ең алдымен туристік орталыққа келіп, арнайы кеңес алып, қалаға онлайн шолу жасайды. Сонымен орталық кеңесшілерімен ақылдасып, аралайтын жерлерге жоспар құрып алады. Бұдан алдын Семей қаласынан қонақтар келген болса, енді Нұр-Сұлтан қаласынан келушілер есік қақты.
Туристік ақпараттық орталығы Нұр-Сұлтан қаласынан келген туристерді жылы шыраймен қабылдады. Себебі, ішкі туризмді дамытуда арнайы орталыққа барып, кеңес алу өте маңызды. Әйтпесе, қалаға өз еркімен келіп, аралайтындар көп-ті.
Қала қонақтары гидтің көмегімен қаланың көрікті жерлерін аралап, сұлулығына тамсанды. Туристер қала тарихын сезініп, оны жақынырақ біле алды. Туристік орталық мамандары инфо-тур қонақтарымыздың талғамына сай келгеніне өте қуанышты.
Туристік ақпараттық орталық сізге ұмытылмас сапар ұйымдастыруға көмегін тигізеді. Егер Шымкентке жолыңыз түссе, міндетті түрде орталыққа барыңыз, мамандар қаладағы ең керемет жерлерді ұсынады.