Меморандум мақсаты – экологиялық туризмді дамыту
2021 жылы 20 сәуір күні Шымкент қаласы туризм басқармасының «Shymkent Tourism Center» туристік ақпараттық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және «Ecosana» қоғамдық қоры ынтымақтастық қатынастарды орнатты. Теңдік, ашықтық, өзара құрметтеу қағидаларының негізінде ынтымақтастық қатынастарды орнату, туризмді дамыту саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруды ескере отырып, Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Меморандумның мақсаты мен міндеті - қоршаған ортаға зиянды азайту, Батыс Тянь-Шаньның бірегей ландшафттарын табиғи күйінде сақтау, өңір мен оның туристік әлеуеті туралы ақпаратты қалыптастыру және тарату, экологиялық туризмді дамыту.
Бұған дейін Шымкент қаласы Білім басқармасының “Экология, өлкетану және туризм орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен “Ecosana” қоғамдық қоры өзара түсіністік және ынтымақтастығы туралы меморандумға қол қойған болатын.
Ол меморандум мақсаты - жастардың экологиялық көзқарасын, санасын, табиғатқа үлкен парасаттылық, жауапкершілік қарым-қатынасын қалыптастыру. Жастардың бос уақытын тиімді пайдаланумен қатар, қоғамдық пайдалы еңбек және еңбек тәрбиесі арқылы табиғатты қорғау, күту және жақсарту. Сонымен қатар, Ecosana - ның қоғамдағы маңызын арттыру.