Шымкент көркі көз тартуда

Oinet.kz 28-04-2021 932

Screenshot_30.png

Еліміздің үшінші мегаполисі атанған Шымкент қаласы бүгінде көркейіп, дамып, түрлі игі істер қолға алынуда. 2200 жылдық тарихы бар көне қаланы дәлелдейтін Цитадель қалашығына барар жолдар жөндеуден өтіп. Жуырда Шымкент туристер ағыла келетін мекенге айналады. 

Сонымен қатар, қала көркін арттыратын абаттандыру жұмыстары жүруде. Сырттан келетін қонақтардың көзінің жауын алатын қызғалдақтар өз алдына, жаздық гүлдер мен ағаштар көптеп отырғызылуда. Осылайша үшінші мегаполис жасыл түске боялуда. 

Әл-Фараби ауданында қаланы көріктендіру мақсатында 18 525 түп раушан гүлі және 32 750 түп жаздық гүл егілді. Сонымен бірге ағаш түптері әктеліп, тазалық жұмыстары жүргізілді. 

Аудандағы басты көшелер мен аулаларға қоқыс тастаған заңды және жеке тұлғалар тарапынан «Шымкент қаласының аумағын абаттандыру қағидасы» талаптарын бұзған азаматтарға шара көру мақсатында, АІІБ қызметкерлерімен бірлескен рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. Рейдтік іс-шара кезінде ҚР ӘҚБК-нің 505 бабы бойынша айыппұл және ескерту хаттамалары толтырылды. 

Мәселен, Қошқар ата өзені бойында қоғамдық орында алкоголь ішімлігін ішіп отырған азамат анықталып ҚР ӘҚБтК нің 440-бабына сәйкес әкімшілік хаттама жазылды. Ал, Отырар шағын ауданының тұрғынына құрылыс қалдықтарын тастағаны үшін айыппұл салынды. 

Қаланың көркі-тазалықта екенін ұмытпайық. Өз қаламызды таза ұстайық!


Венгриялық инвесторлар медицина туризміне үлес қосқысы келеді
Шымкенттіктер ғылыми жарыста «Үздік команда» атанды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу