Шымкенттіктер ғылыми жарыста «Үздік команда» атанды
Еліміздің инновациялық артықшылықтары – дамыған іргелі ғылым, білім берудің, әсіресе, матема¬ти-калық, жаратылыстану-ғылыми және техникалық білімнің жоғары деңгейі. Мамандардың кең ой-өрісі, ғылыми және технологиялық мәселелерді шешудегі тәсілдердің тривиалсыздығы іргелі тиімділікке негізделген қағидатты түрдегі жаңа, озық технологияларды жа¬сау үшін қолданылуы мүмкін. Осы артықшылықтар біздің еліміздің инно¬вациялық экономикаға көшуінің алғы¬шарттары болып табылады.
Жуырда Алматы қаласында 18-25 сәуір аралығында Төкен Омаров атындағы Республикалық ғарыштық физика мен астрономиядан мектеп оқушыларының жарысы өтті. Ғарыштық жарыста шымкенттік топ «үздік команда» марапатын иеленді.
Ғылыми жобалар конкурсының мақсаты - ғарыштық бағыттағы факультативтік үйірмелердің жұмыстарын жандандыру, ғарыш және ғарыштық технологиялар туралы білімдерді оқып білу және оны тәжірибеде пайдалану, талантты оқушыларды анықтау, олардың мамандық таңдауларына көмектесу.
Оқушылар - ғарыштық аппаратта және ракета тасымалдаушылар, ғарыштық биология және медицина, астрономия және астрофизика, экология және космонавтика, электроника және энергетика бағыттарында зерттеу жұмыстарын ұсынды.
Алдымен қалалық іріктеу кезеңі өтіп, онда үздік деп танылғандар республикалық додаға жолдама алған болатын.
Нәтижесінде Республикалық ғарыштық физика мен астрономиядан ғылыми жоба жарысы бойынша 7-10 сынып оқушылары ІІ-дәрежелі дипломдарға ие болса, физика және астрономия олимпиадасынан Бас жүлде және І -орындарды иеленді. Жетекші мұғалімдеріне ҚР Білім және Ғылым министрінің «Алғыс хаты» табысталады.