Шағын және орта кәсіпкерлік өсімі байқалды
Бүгінде елімізде шағын және орта кәсіпкерлік даму үстінде. Шағын және орта бизнесті дамыту экономикалық өрлеудің және әлеуметтік-саяси жаңғыртудың басты құралы. Әсіресе, жеке меншіктің нақты өмірге жүзеге асуы және орта таптың қалыптасуының мемлекетімізде артқан сайын еліміз көркейіп, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарады. Сонымен бірге, шағын және орта кәсіпкерлік – экономиканың тиімді әрі нәтижелі секторы. Шағын және орта кәсіпкерлік жұмыссыздықты жоюда, нарыққа қажетті тауарларды жеткізуде, жеке өндірушілердің монополиясын шектеуде және экономиканы тұрақтандыруда шешуші фактор болып табылады.
Шымкентте шағын және орта кәсіпкерліктің негізгі көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалады. Осы жылдың үш айында олармен шығарылған өнім көлемі 699,1 млрд.теңгені құрап отыр. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104,1% өсімді көрсетті. Ал 2019 жылдың 9 айында шағын және орта кәсіпкерліктен 630,5 млрд. теңгенің өнімі өндірілген болатын.
Шағын және орта кәсіпкерлік нарықтық экономиканың ажырамас бөлігі деп айтуға болады. Оған жылдамдық, икемділік және жоғарғы тиімділік сипаттары сәйкес келеді. Осы және басқада артықшылықтарды ұлттық экономиканы дамытудың қозғаушысы ретінде саналады. Қазіргі уақытта шағын және орта кәсіпкерлік сферасында миллионнан астам адамдар жұмыс істеуде, дегенмен шағын және орта кәсіпкерліктің құрылуы мен өсуі жөніндегі мәселелерді одан әрі оқып білуді талап етеді: даму перспективаларын болжау және басқару, талдау, бағалаудың икемді және тиімді әдістерін дайындау.
Бүгінде мегаполисте жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлер саны 68 264 бірлікті құрайды. Аталған кәсіпорындарда 166 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған.
Шағын және орта кәсіпкерліктің әрі қарай дамытуды және бекітілген индикаторлардың орындалуын қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы арқылы қол жеткізілетін болады.