Starbucks Шымкентте
Кофемандар үшін керемет жаңалық! Starbucks брендімен әлемге әйгілі кофе желісінің алғашқы дүңгіршегі ашылды. Бұл еліміздегі ішкі туризмді дамытуда да өз үлесін қосатын жоба болмақ. Сонымен қатар шетелден келетін туристер дәл осы Старбакстың клиенті болуы мүмкін. Бұл жағдайда да қалада аталған кофейняның болуы қуанышты жағдай емес пе? Дәл осы мүмкіндік Шымкентте де орын алғаны көңіл қуантарлық. Бұл кофехананың ашылуына қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов барып қайтқан болатын.
Туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес:
2025 жылы мынадай көрсеткіштерге қол жеткізу:
- сырттан келушілердің* санын 9 млн. адамға дейін, оның ішінде шеттен келген туристердің** санын 3 млн. адамға дейін ұлғайту;
- ішкі туристердің санын 8 млн. адамға дейін ұлғайту қолға алынып жатыр. Осы бойынша үшінші мегаполиске барынша көңіл бөлініп келеді.
Мұндай әлемдік деңгейдегі кофе желісінің қаламызда ашылуы мегаполисімізге қосымша көрік беретіні анық.
Дүниежүзіндегі ең ірі, әрі танымал деген 10 брендтің қатарына кіретін бұл Старбакстың ашылуы – кофемандар үшін ғана емес, қаламыз үшін де қуанышты жаңалық.