Кәсіпкерлердің мәселесі тыңдалды
Кейде адарда қаражат бар болғанымен бір істің тізгінін ұстап, бастап кету қиындық тудырады. Себебі,кез-келген адамда бизнес туралы, қаржы жөнінде, мемлекеттік бағдарламалар және олардың тиімділігі турасында ақпараттар бола бермейді. Осы мәселе аясында Шымкентте шағын және орта кәсіпкерліктің мәселелері бойынша кәсіпкерлермен кездесу өтті. Кездесу барысында кәсіпкерлердің күрделі мәселелері тыңдалып оның шешу жолдары талқыланды.
Сонымен қатар, мемлекет тарапынан қабылданған бағдарламалар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда, «Бизнестің жол картасы – 2025», «Қарапайым заттар экономикасы», «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламалары.
Мәжілісте кәсіпкерлікті дамыту және қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың талаптары мен оның тиімділігі айтылып өтті. Және осы бағдарлама аясында олар қол жеткізетін мүмкіндіктер де айтылып өтті. Арасында басқа да дәл осы бағдарламалармен кәсібін бастаған кәсіпкерлер көпге үлгі болды.
Кездесу барысында мемлекеттiк бағдарламаларды халыққа жан-жақты түсіндіруге «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы, «Даму» қоғамдық қоры, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры, Ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік басқармалары мен «Shymkent» ӘКК АҚ-ның басшылары қатысты. Және біршама кәсіпкерлер өздеріне пайдалы ақпараттар алып, сұрақтарын қоя алды.