Шымкентте инвестициялық жобалар қаншалықты орындалуда?

Oinet.kz 20-04-2021 786

Шымкент қаласының инвестиция жөніндегі штабтың кезекті отырысы өтті. Онлайн режимде ұйымдастырылған жиында қазіргі инвестициялық ахуал, алдағы даму жоспарлары, шешілмеген түйінді мәселелер талқыланды. 

Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков 2021 жылға арналған жеке инвестициялық жобалардың орындалу барысын баяндады. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың тиімділігін талдау және олардың тиімділігін арттыру жөнінде мәселелер талқыланды.

Штаб отырысында «Шымкент» ӘКК» АҚ тарапынан тұрғын үй, әлеуметтік, сауда нысандары бойынша атқарылатын инвест жобалардың шешілмей жатқан мәселелері талқыға түсті. Жер телімдерін мемлекет мұқтаждығына қайтару, инфрақұрылым жеткізу бойынша бірқатар кедергілер бары айтылды. 

Сонымен қатар, медицина, тұрғын үй құрылысы бағытында инвесторлар жаңа жобаларын ұсынып, бірқатар мәселелерден хабардар етті.

Және Шымкент қаласындағы үш ауысымды мектеп проблемасы толығымен шешімін тапқалы отыр. Қазір қалада үш ауысымды 14, апатты 1 мектеп бар. Мұнан бөлек 13 шағын ауданда білім ұясы жоқ болғандықтан балалар шалғайға барып оқып жүр. Осы қиындықты шешу үшін биыл 32 мектептің құрылысы басталмақ. 


Химия зауыты іске қосылуға жақын
Мұрат Әйтенов: «Бізге әлеуетті, ноу-хау жобалар керек»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу