Шектеусіз бизнеске зор мүмкіндік

Oinet.kz 23-04-2021 1419

Screenshot_5.jpg

Қоғамдық орындарда келушілерді тіркеу қосымшасы «Ashyq» Qr-код бизнес субъектілеріне ғана беріледі. Ол субъект атауы, оның орналасқан жері және басқа да сәйкестендіру деректерін көрсетумен электронды идентификаторды білдіреді. 1 нысанға кіреберісте және шыға берісте ең кемі 2 qr-код беріледі. Егер нысанда бірнеше кіріп-шығу жолы болса, онда әр кіреберіске жеке qr-код қойылады.

Бүгінде qr-код қолдану практикасы Оңтүстік-Шығыс Азия елдері – Гонконг, Сингапур, Малайзияда кең қолданыс тапқан. Балама құралдар басқа да елдерде қолданылуда.

Сонымен қатар «Ashyq» бағдарламасына қатысушы кәсіпкерлер үшін қосымшамен жұмыс істеуде QR-кодты алу ережесі өзгерді. 

Бизнес иелеріне QR-кодты алу үшін infokazakhstan.kz сайтында өтініш беру қажет. Жоба талаптарына (Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші) сәйкестікті тексерген соң жеке кабинетте код пайда болады, аталған код арқылы қосымшамен сынақ режимінде 1 апта бойы жұмыс істеуге мүмкіндігі беріледі. 

Қоғамдық тамақтану және кинотеатрлардың иелеріне өтінішті алдымен салалық қауымдастыққа беріп, кейін infokazakhstan.kz сайтынан qr-кодты алу қажет.

Нұрлан Орынбасарұлының айтуынша, "Ashyq" жобасы қосымшасына йога, фитнес-клубтар, спа орталықтар, сауна, бассейндер, PlayStation, компьютерлік, боулинг клубтар, кинотеатр, театрлар мен филармониялар және қоғамдық тамақтандыру нысандары енеді. Бұл жоба бизнеске шектеусіз жұмыс істеуге мүмкіндік береді және қауіпсіздік үшін маңызды. 

Санитарлық қызмет өкілі А.Ахметовтің айтуынша "Ashyq" жобасымен ауру белгілері анықталған немесе үй карантинін бұзғандығы белгілі болған азаматтарды кәсіпкерлік нысандар СЭС мамандарына хабарлау керек. Бірінші кезекте оларға қатысты түсіндіру жұмыстары жургізілсе, талапты екінші мәрте бұзған жағдайда 30 АЕК көлемінде айыппұл салу қарастырылады. 

Ал Береке Талғатұлының мәлімдеуінше мониторингтік тексеру барысында санитарлық норманы бұзған кәсіпкерлік нысандар анықталса, Ashyq жобасынан 2 аптаға егер тағы да қайталанса екі айға дейін шеттетіледі.

Айта кету керек аталмыш жоба "қызыл" аймақтағы бизнес нысандарын "сары" аймақ бойынша қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. 

Қазіргі уақытта Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасында бизнес-қоғамдастықпен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде және жобаға қатысуға ниет білдірушілердің тізімі қалыптастырылуда. "Ashyq" қосымшасына қатысты барлық сұрақтар бойынша Өңірлік кәсіпкерлер палатасына жүгінуге болады.


"Ashyq" жобасы іске қосылады
Химия зауыты іске қосылуға жақын
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу