" />
" />
" /> "Ashyq" жобасы іске қосылады-Жаңалықтар

"Ashyq" жобасы іске қосылады

Oinet.kz 20-04-2021 774

Screenshot_4.jpg

26 сәуірден бастап "Ashyq" жобасы барлық өңірлерге таралмақ. Ай басында Мемлекет басшысы Үкіметке «Ashyq» жобасын республика шеңберінде кеңейту туралы тапсырма берген болатын. Осыған орай Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясовтың жобаны енгізу туралы қаулысы қабылданған-ды. 

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабыштаев және Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды - инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков пен Шымкент қалалық санитариялық - эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Алдарқұл Ахметовтің қатысуымен өткен брифинг өтті. Бүгінде жобаға Нұр-сұлтан, Алматы, Қарағанды қалаларымен бірге Көкшетау, Ақтөбе, Тараз және Талдықорған шаһарлары да қосылды.

- «Ashyq» – қоғамдық орындарда келушілерді тіркеу қосымшасы. Қоғамдық орынға кіреберісте пайдаланушы арнайы qr-кодты сканерлеп, оны әкімшіге көрсетеді. Код келушінің статусын анықтайды. Келушілерге статус ПТР-зерттеулерінің бірыңғай интеграциялық порталы және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы covid-19-ді бақылау орталығы ақпараттық жүйелерін салыстыру негізінде тағайындалады.

ПТР-тестін тапсырып, оң нәтиже шыққан адамға "қызыл" түс беріледі. Ондай науқас үйде оқшаулану режимін қатаң ұстану керек.

"Сары" түс науқас адаммен байланыста болғандарға таңылады. Оларға азық-түлік немесе үй жанындағы дәріханаға баруға ғана рұқсат, бірақ басқа нысандарға баруға тыйым салынады. «Көк» түспен ПТР-тестілеу тапсыру міндетті орындардан (мысалы, әуежай) басқа барлық жерге бару рұқсат алады. Ал «Жасыл» түсте – жүріп-тұруға толығымен рұқсат беріледі, деді Н.Қабыштаев.


Көкөніс өңдейтін қос кәсіпорын іске қосылмақ
Шектеусіз бизнеске зор мүмкіндік
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу