Серік Жанболат: «Индустриалды аймақтар инвесторлар үшін өте қолайлы екен»

Oinet.kz 16-04-2021 1467

Screenshot_15.jpg

Еліміздің өзге аймақтарынан, ірі қалалардан келген республика деңгейіндегі журналистер шымкенттегі кәсіпорындарды аралап, өз пікірлерін білдіріп қайтты. Олардың арасында белгілі журналист Серік Жанболат та бар. 

—Біз бүгін Шымкенттегі «Тассай», «Оңтүстік» индустриалды аймақтарында және «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан көптеген кәсіпорындардың жұмысымен таныстық. Шымкентте жеңіл өнеркәсіптің, соның ішінде тамақ және тоқыма өнеркәсібінің өте жақсы дамып келе жатқанын өз көзімізбен көрдік. Әсіресе, индустриалды аймақтар инвесторлар үшін өте қолайлы екен. Өйткені, бұл жерде кәсіпорын ашқысы келетін инвесторға жер телімі тегін беріледі, оған қоса барлық инженерлік-инфрақұрылымдық желілер бюджеттің есебінен жүргізіледі. Сондай-ақ, арнайы экономикалық аймақтағы компанияларға да түрлі салықтық жеңілдіктер қарастырылған. Осының бәрі отандық өндірістің дамуына мүмкіндік беріп отыр. Шымкентте өндірілген нарықта бәсекеге қабілетті, сұранысқа ие болып жатқанына қуаныштымыз, – деді республикаға белгілі журналист Серік Жанболат.  

Айта кетейік, тілшілер қауымы «Nurtau distribution company» кондитерлік фабрикасы ,«Сп «Люкс шуз», «Болашақ – 7» , «AZALA Textile», «Шымкент кашемир», «АГФ Груп», «Назар Текстиль» және өзге де кәсіпорындарда болды. Басқа да журналистер республикаға Шымкент қаласының индустриялық-инвестициялық дамытуда қосып жатқан үлесін көріп қайтты.


Республика журналистері кәсіпорындарды аралады
Көкөніс өңдейтін қос кәсіпорын іске қосылмақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу