Республика журналистері кәсіпорындарды аралады

Oinet.kz 16-04-2021 1325

Screenshot_14.jpg

Республикалық БАҚ өкілдері үшінші мегаполистегі өндіріс орындарын аралап, кәсіпорындардың тыныс-тіршілігімен танысты. Журналистер алдымен «Тассай» индустриалды аймағында орналасқан «Nurtau distribution company» кондитерлік фабрикасында болды. 

Компанияның атқарушы директоры Ұлжалғас Ескендірқызының айтуынша, фабрика тәулігіне 3 тонна кәмпит пен 3 тонна сағыз өндіреді екен. 

Мұнда 200 адам екі ауысыммен жұмыс істейді. Кәмпиттің 20 түрін, ал, сағыздың 25 түрін өндіреміз. Күніне 6 тонна өнім өндіреміз. Біздің өнімдер экологиялық тұрғыда таза, оның құрамында адам ағзасына зиян келтіретін ешқандай қоспалар жоқ. Сондықтан өнімдерімізге сұраныс өте жоғары, — деді ол. 

Мұнан кейін тілшілер аталған индустриалды аймақтағы «Болашақ – 7» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің түрлі сусындар шығаратын зауытына барды. Жалпы аумағы 2 гектарды алып жатқан бұл кәсіпорынға 1 миллиард 30 миллион теңге инвестиция құйылған. Компания басшысы Нұрлан Омаровтың айтуынша, мұнда жылына 34 миллион бөтелке сусын құйылады. Оның ішінде минералды ауыз су, гуаздалған және энергетикалық сусындар бар.

Республикалық БАҚ өкілдері «AZALA Textile» компаниясының мата-тоқыма фабрикасының жұмысымен танысты. Жылына 2 800 тонна жіп пен 14 миллион метр мата өнімдерін өндіретін бұл фабрика отандық жеңіл өнеркәсіптің көшбасшыларының бірі. Жоғары сапалы өнім шығаратын компания өз тауарларын Латвия, Литва, Германия, Италия, Польша және ТМД-ның бірқатар елдеріне экспорттайды. 


Геоақпараттық портал құру жұмыстары жүргізіліп жатыр
Серік Жанболат: «Индустриалды аймақтар инвесторлар үшін өте қолайлы екен»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу