Геоақпараттық портал құру жұмыстары жүргізіліп жатыр

Oinet.kz 14-04-2021 493

Screenshot_13.jpg

Геоақпараттық портал –  елімізде туризмді дамытатын бірден-бір құрал. Қала тұрғындары мен сырттан келген турист қонақтар дәл осы портал арқылы өздеріне қажетті мәліметтерді ала алады. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында басқарма тарапынан Шымкентте геоақпараттық портал құру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Жобаны 2021 жылдың аяғына дейін іске асыру жоспарланған.

Геопорталда электрондық кезекші карта бойынша жұмыс жүргізу, қолда бар барлық картографиялық деректерді жинау, Бас жоспарды егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын орналастыру (II тоқсан), жоғары деңгейдегі аэрофототүсірілім жүргізу, басқармамен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрымен интеграциялау, бос жерлерді электронды аукционға шығару (II тоқсан) және тағы басқа жұмыстарды атқару көзделуде.

Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының 2021 жылдың I тоқсанында атқарған жұмыстары тыңдалды. Басқарма басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Архабаев атқарылған жұмыстар мен жоспарларын баяндады.

Бұл орайда республикалық рейтингте бірінші орында тұрған Ақтөбе қаласының геопорталын әзірлеуші «КАЗГИСА» ЖШС-мен келіссөздер жүргізіліп, жалпы 357,75 млн теңгеге коммерциялық ұсыныс берілді.

Қазіргі таңда қалалық мәслихаттың кезекті сессия отырысында аталған жобаның қаржыландырылуы мақұлданды және осы бойынша заң талаптарына сәйкес, тиісті мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов геопортал болашақ үшін маңызды қадам екенін, барлық жүйелік жұмыстар осы геопортал жүйесінде жасалу керектігіне назар аударды. Тұрғындар қаланың даму бағыттарын сәулетшілерден біліп отыруы тиіс. Бұл ретте түсіндіру жұмыстарын қолға алу қажет.

Сондай-ақ, басқарманың өндірісінде нысандардың құрылысын жүргізу үшін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы 3599 жер учаскесіне, 46 нысан бойынша 41 қаулы қабылданған.

2021 жылдың басынан бері мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы 39 жер учаскесіне 7 нысан бойынша 4 қаулы қабылданды. Есепті кезеңде 83 жер учаскесі мемлекет мұқтаждығына қайтарылған. 83 жер учаскесінің жалпы алаңы - 11,0273 га, мемлекет меншігіне мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша 827 768 905 теңге қаржы жұмсалды.

Басқарма тарапынан 17 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. 2021 жылдың қаңтар-наурыз айларында жалпы 10 947 мемлекеттік қызмет ұсынылды.

Жаңа мамандықтар жеке кәсіпке жол ашады
Республика журналистері кәсіпорындарды аралады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу