Жаңа мамандықтар жеке кәсіпке жол ашады

Oinet.kz 16-04-2021 1359

Screenshot_12.jpg

Үшінші мегаполисте еңбек нарығына қажетті білікті кадрларды даярлау мақсатында биыл «Жас маман» жобасы шеңберінде 5 колледжді, яғни, Индустриалды техникалық колледж, Политехникалық колледж, Энергетика және байланыс колледжі, Тамақтандыру индустриясы және сервис колледжі, М.Өтебаев ат. Жоғарғы жаңа технологиялар колледжі заманауи материалдық-техникалық базамен жарақтандыру үшін қаржы қаралды. 

Одан өзге, колледждерде өңірге қажетті туризм, құрылыс, жеңіл өнеркәсіп, үй жағдайында бала күтуші, ІТ мамандықтарына лицензиялар алынуда.

Алдағы уақытта білім алушылардың дуальды жүйемен білім алған мерзімі еңбек өтілі ретінде есептелуі үшін әлеуметтік серіктестермен келісімшарттар түзілу үстінде. Колледждерде ақылы негізде қызмет көрсету, оқу-өндірістік шеберханаларда, шаруашылықтарда дайындаған өнімін сату мүмкіндігі қарастырылады.

Сонымен қатар, «Жас маман» бағдарламасы аясында толық жабдықталған №6 «Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі» студенттері арасынан жоғары білікті бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау және «WorldSkills» жұмысшы мамандықтары чемпионатының» сән технологиясы құзыреттілігі бойынша Қазақстан құрама командасын дайындау, «Future Skills» мамандығының «цифрлық модельдеу» құзыреттілігін ашып, үздік әлемдік тәжірибелерді енгізу бағыты бойынша жобалар басталады. 


Кәсіпкерлер сауапты іске атсалысты
Геоақпараттық портал құру жұмыстары жүргізіліп жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу