2021 жылы 21 жоба жүзеге асады
Кәсіп ашу оңай, ал оны жүргізу екі есе қиын. Жалпы Шымкентте кәсіп ашып, тасын өрге домалатамын деушілерге мүмкіндік көп. Өздеріңізге белгілі өткен жылы «Бизнеске арналған үкімет - Shymkent Invest» фронт-кеңсесі ашылған болатын. Онда барлық қызметтерді бір жерден алу үшін кәсіпкерлерге ыңғайлы жағдай жасалған. Кәсіпкер бизнесінде туындаған сұрақтардың күрделілігіне қарамастан фронт-офис көмегіне жүгіне алады.
Шымкент қаласында кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында 2021 жылы 56,1 млрд.теңгеге 1 мыңнан астам жұмыс орнын құрумен 21 жобаны іске қосу көзделген. Бұл туралы қала әкіміне есеп беру барысында қәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Б.Дүйсебеков айтты.
Жоба аясында ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үшін өте ыңғайлы екенін айтқан қала басшысы мұнда ең бастысы кәсіпкердің уақыты үнемделіп, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қаржыландырудың қолжетімділігі артады
Оның айтуынша, бұл жобаларға тұрақты мониторинг жұмыстары жүргізіліп, проблемалық мәселелерін шешу бойынша мемлекеттік қолдаулар көрсетілуде екен.
Жалпы қалада кәсіпкерлерге «бір терезе» қағидасымен қажетті қызметтер көрсететін «Бизнеске арналған үкімет - Shymkent Invest» фронт-кеңсесі жұмыс атқаруда. Олар күн сайын көмек сұрап келген кәсіпкерлерге тұшымды жауап беріп, тиімді мемлекеттік бағдарламаларды ұсынады.