Шымкентте 385 инвестициялық жоба жүзеге асырылады

Oinet.kz 15-04-2021 940

Screenshot_7.jpg

Экономика дамымай, әлеуметтік мәсе¬лелердің оң шешімін таба қоюы қиын. Бұл – жұртшылыққа қашаннан белгілі жайт. Қазіргі таңда Шымкент қалалық әкімдігі шаһардағы инвестициялық мүмкіндіктерге жол ашып, қаланың экономикалық әлеуетін жоғарылатуда қарқынды жұмыс жасап жатыр. 

Биыл Шымкент қаласында түрлі салалар бойынша 385 инвестициялық жоба жүзеге асырылады деп күтілуде. Оларға тартылатын инвестиция құны 400,8 млрд. теңгені құрайды. Бұл туралы қала әкімінің алдындағы есепті кездесуінде қәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Б.Дүйсебеков мәлім етті.

Оның айтуынша, жобалардың 212-і мемлекеттік жобалар болса, жаңғыртылатын ірі кәсіпорындар бойынша 10 жоба, өнеркәсіп саласында 24 жоба, «Shymkent» ӘКК» АҚ арқылы 59 жоба іске асырылса, білім саласында 13, ал 58 жоба коммерциялық тұрғын үйлер мен ауыл шаруашылығы, туризм, денсаулық саласында жобалар бар. 

Сонымен қатар, басқарма басшысы 2021-2025 жылдар аралығында жалпы құны 2,5 трлн. теңгені құрайтын 211 инвестициялық жоба іске асырылып, 14 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылатынын мәлім етті. Оның ішінде, 2021 жылы жалпы құны 155 млрд. теңгені құрайтын 2,5 мың жаңа жұмыс орнымен 47 инвестициялық жобаның іске асырылуы жоспарланып жатқанын айтты. 2025 жылға дейін үшінші мегаполисте экономика өрісі кеңге қанат жайып, қалада өнеркәсіп өнімі мен зәулім әрі қоғамға қажетті нысандар арта түспек.


Заманауи емхана күніне 500 адам қабылдамақ
2021 жылы 21 жоба жүзеге асады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу