«Ақылды аялдамалар» орнатылмақ

Oinet.kz 14-04-2021 907

Screenshot_6.jpg

Бүгінде аялдамаларда қоғамдық көлік қозғалысының уақыты, ағымдағы уақыт, ауа температурасы көрсетілген ақпараттық тақта орнату күн тәртібіндегі өзекті мәселе. Себебі, жолаушылар бағыт алған жеріне жету үшін өзінің уақытын тиімді пайдаланғаны жөн. Кейде қоғамдық көліктерді тым ұзақ күтіп қалатын кездер де болатыны жасырын емес.

Сонымен қатар, Шымкент шаһарға өзге қалалардан қонақ болып келген туристер үшін де бұл тиімді жоба болмақ. Шымкент қалалық цифрландыру басқармасының басшысы Ә.Әбдірахановтың айтуынша, көлік саласын цифрландыру бағытындағы жұмыстарды жандандыру мақсатында 2021 жылға бірқатар жоспарлар және міндеттер қойылып отыр. 

Пилоттық режимде IDC компаниясымен бірлесе орталық көшелердің біріне «Ақылды аялдама» орнатылатын болады. Бұл жоба жеке инвесторлар есебінен іске асырылады. Бұл туралы басқарма басшысы арнайы брифингте айтқан болатын. 

Аялдаманын сыртында LED экран орнатылып, кез келген жарнаманы немесе қоғамдық көліктердің қозғалысын жария етуге болады. Сонымен қатар, қыс мезігілінде аялдама ішінде температурасы 20 градустан жоғары болса, жаз мезгілінде салқын ауаны ұйымдастыру мүмкіндігі бар.


Туристерге 7 ақпараттық киоск қызмет етеді
Оптикалық желі тартылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу