Оптикалық желі тартылады

Oinet.kz 14-04-2021 807

Screenshot_7.jpg

Әлеуметтік желі, интернетпен қамту – жаңа заманның басты талабы. Қазіргі таңда барлық қызмет түрі және оқушы, студенттер онлайн форматқа ауысқандықтан қаладағы интернет мәселесі жиі көтеріле бастады. Осы орайда Шымкент қаласы цифрландыру басқармасы тарапынан 2021 жылдың 1 тоқсанында бірқатар жұмыстар жүзеге асты. Басқарма басшысы Әсет Әбдіраханов атқарылған жұмыстарды баяндады. 

 «Цифлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында қаланы сапалы интернетпен қамту 3 кезеңге бөлінген. 1 кезеңдегі жұмыстар толық аяқталды. 2 - кезеңде 14 елдімекен қарастырылып, координаталары мобильді байланыс операторларымен келісілді. 

Атап айтқанда, Тассай және Ынтымақ-2 (Тұрлан) шағынауданында жер қазу және бетон құю жұмыстары атқарылса, А 2 айналма жолы, Аэропорт маңы, Солтүстік-Батыс, Қайнарбұлақ (саяжай алабы), Р-32 трассасы (Сиқым), Құрсай шағынаудандарда жер телімдерін рәсімдеу жұмыстары басталды. 

Бұдан бөлек, 3-кезең үшін талшықты-оптикалық желі тарту мақсатында қала аумағындағы 30 тұрғын алап анықталып, оларға оптикалық желі тарту жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстардың барлығы жеке инвесторлар есебінен атқарылатын болады. «Самғау-Телком» компаниясы тарапынан Тассай, Таскен тұрғын алаптарындағы 2 көшеге (200 үйге) кабел жүргізіліп, тұрғындардан қосымша өтінімдер қабылдануда. 

Және ағымдағы жылдың шілде айының аяғына дейін тұрғындар көп шоғырланатын жерлерде 30 тегін wi-fi нүктелері орнатылатын болады.


«Ақылды аялдамалар» орнатылмақ
Кәсіпкерлерге индустриалды аймақтан орын ұсынылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу