Туристерге 7 ақпараттық киоск қызмет етеді
Қазіргі пандемия кезіндегі жағдай, біздің ел үшін бір жағынан жаңа мүмкіндіктер туындатып отыр. Жақын арада жаппай шет елге барып демалу саябырлайды. Өйткені адамдар өз денсаулықтарын қауіп-қатерге тіккісі келмейді. Сондықтан да, ішкі туризмді белсенді дамытуға уақыт келді. Бүгінде үшінші мегаполисте туризмді дамытудың түрлі жоспарлары жариялануда.
Шымкент қаласында 7 ақпараттық киоск қала қонақтары мен тұрғындарына жан-жақты ақпарат беруге дайын. Онда арнайы мамандар келуші қонақтарға ақпараттық көмек береді. Жалпы орталық жыл басынан бүгінге дейін, 1 жарым айдың ішінде, ақпараттық киоскілер арқылы 128 адамға ақпараттық - анықтамалық қызмет көрсеткен. Оның ішінде Үнді, Ресей, Өзбекстан сынды елдерден келген туристер бар.
Бүгінгінің туристі тек ғана, қонақ үйге барып бассейнге және ресторанға барып демалу қызық емес. Қазіргінің саяхатттап жүрген адамдарға креативті туризм қызықтырады - ол дегеніміз сол жердің ұлттық тағамын өз қолымен жасап, атпен өзі серуендеп, кәдесыйларды өз қолымен жасағанды ұнатады. Сондықтан да, бізге осы салаға түбігейлі басымдық бере отырып дамыту керек.