Туризмді дамытудың жаңа жобасы!
Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты, еліміздің стратегиялық құжаттарына сәйкес туризм саласын мемлекеттік реттеуді жетілдіруге, ұзақ мерзімді кезеңге арналған Қазақстанның экономикалық даму басымдықтарының бірі ретінде туризм саласын дамыту үшін қажетті құқықтық база құруға бағытталған «Туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын қабылдады!
Сонымен, Заңның маңызды жаңалықтары - туризм саласын мемлекеттік қолдау шараларын енгізу:
- туристік нысандар мен жол бойындағы қызмет көрсету объектілерін салуға кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу;
- туристік мақсаттарға арналған көлік құралдары мен тау шаңғысы курорттарын дамытуға арналған жабдықтар алуға шығындардың бір бөлігін өтеу;
- туристік пакет шеңберінде әрбір келген шетелдік турист үшін туроператорларды субсидиялау;
- санитарлық-гигиеналық қондырғыларды күтуге арналған кәсіпкерлер шығындарын субсидиялау;
- туристік пакет шеңберінде балаларға арналған ұшу билеті үшін тасымалдау төлемін өтеу;
Біздің есебіміз бойынша бұл шараларды жүзеге асыру экономикаға қосымша кірісі түрінде 135 млрд теңге тартуға, 170 мыңнан астам жұмыс орнын құруға және кем дегенде 1000 жобаны іске асыруға мүмкіндік береді.
Осы нормалардың барлығы саланың дамуына оң әсерін тигізеді және инвестицияны арттырудың тиімді механизміне айналып, саланың жалпы ішкі өнімдегі үлесін 8 пайызға дейін жеткізуге жол ашады.
Баяндама соңында аталған Заң жобасын Сенаттың барлық комитеті мақұлдап, қолдау тапқанын айтты. Сенат депутаттарының дауыс беру қорытындысы бойынша Заң жобасы қабылданды.