«TULIP ROAD 2021» Шымкентті танытпақ

Oinet.kz 12-04-2021 829

Screenshot_4.jpg

10 миллион жыл бұрын шөл дала мен Тянь - Шань тау бөктерлерінде , қазіргі Қазақстан аумағында - қызғалдақтар пайда болды. Қызғалдақ – Шымкент қаласының символы. Бірегей келбеті. Алыстан танылатын белгісі. Міне осы Шымқаланың шуақты күндеріне шомылған әсем қызғалдақтар сәуір айында шаһар шырайын кіргізіп, әрлендіріп жіберді. Көшелер мен аллеяларды көмкерген алуан түсті қызғалдақтар талайды сүйсінтіп, қуанышқа бөледі. 

Жапония елімен ассоциация тудыратын сакура ағашы сияқты, қызғалдақ гүлі - Шымкент қаласының басты символына айналады . Осы тұста , туристердің назарын Шымкент қаласына аудару мақсатында , « TULIP ROAD 2021 » онлайн - фестивалі өтеді . 

Бүгінде үшінші мегаполистің эмблемасына дейін қызғалдақтан тұрады. Ресми сайтта қызыл түсті қызғалдақ бейнеленсе, ал кей жерлерде қызыл, көк, жасыл, сары түстермен араласқан қаланың әсем символикалық бейнесі бой көрсетеді. 

Қазіргі таңда әлемде қызғалдақтың 3 мыңнан астам түрі бар. Оның ішінде 75-ке жуығы жабайы және кең жайылған 150 түрі кездеседі. Елімізде қызғалдақтың 30-дан астам түрі болғандықтан, «Қазақстан – қызғалдақтың отаны» болып есептеледі.


40 мектеп жеке инвестор есебінен салынады
Туризмді дамытудың жаңа жобасы!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу