Жеке инвесторлар интернет тапшылығын жоймақ

Oinet.kz 07-04-2021 754

Screenshot_6.jpg

Бизнеске арналған үкімет кеңсесінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исаховтың төрағалығымен Шымкент қаласын сапалы интернетпен қамтамасыз ету мәселесі бойынша жиналыс өтті.

2020 жылдан бері үшінші мегаполисімізді интернетпен қамтамасыз ету мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Алғашқы кезең бойынша бүгінгі күнге қаладағы шағын аудандар мен тұрғын алаптар аумағына 11 базалық станцияларға арналған антенна-мачталық құрылғылар орнатылған. Олар: Алтынтөбе, Көкбұлақ, Солтүстік-Батыс және Достық (Солтүстік саяжай), тұрғын алаптарында базалық станциялар толық іске қосылды. Асар, Асар2, Шымсити, Шымсити-2, Тұран және Ақтас-2, Айкөл шағын аудандары.

2021 жылы екінші кезеңінде 14 жер телімдері қарастырылып координаттары мобильді байланыс операторларға келісімдеуге жолданған болатын. Олар: А2 трассасы, Аэропорт маңы, Солтүстік-Батыс, Қайнар бұлақ (саяжай алабы), Тассай, Құрсай, Самал-3, Р-32 трассасы (Сиқым), Ынтымақ-2 (Тұрлан) шағын ауданы, Асар, 226 Орам, Забадам(РЭС), Абдулабад тұрғын алаптары.

Бұл игі істер өткен жылдағыдай, жұмыстардың барлығы "Shymkent" ӘКҚ" АҚ Басқармасы арқылы жеке инвесторлар есебінен жүргізілетін болады.

Бұдан бөлек, Шымкент Сити мөлтек ауданындағы жаңадан бой көтеріп келе жатқан көпқабатты үйлерге талшықты-оптикалық желі тарту бойынша ірі операторлармен бірігіп тиісті жұмыстар жүргізуге келістік.


Шымкенттік кәсіпкер Қызыр мұнарасын жаңартпақ
Жас кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндік
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу