Шымкенттік кәсіпкер Қызыр мұнарасын жаңартпақ
Шымкентте тарихымыздан сыр шертетін киелі орындар көп-ақ. Бізге жеткен мұраны келесі ұрпаққа насихаттау біздің басты парызымыз. Алайда бүгінде өз маңызынан айрылуға жақын, әбден тозығы жеткен жәдігерлеріміз де бар.
Осы мәселе төңірегінде Туризм басқармасының бастамасымен тарихи-киелі орындарды сақтау және құқық бұзушылыққа жол бермеу мақсатында Сайрам ауданы тұрғындарымен Қызыр мұнарасының бүгінгі ахуалымен таныстыру үшін басқосу өткен болатын. Жиынға келген ауыл ақсақалдары мен мектеп ұжымына ортақ мақсат аясында талай ғасырға куә болып тұрған мұнараны кейінгі ұрпаққа жеткізу, әрі туристерге елімізде ежелден өнер, мәдениеттің болғандығын көрсету үшін түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Бұл жағдайдаг соң Шымкент қаласындағы жеке кәсіпкер азаматымыз Мырзатаев Бауыржан туристік ақпараттық орталықтың ұсынысымен осынау Қызыр мұнарасы тарихи жәдігерімізді жөндеп, қалпына келтіру жұмыстарына 15 млн теңге қаржысын салып отыр.
Нысанға 200 ш.метр жаяу жүргіншілерге арналған тақталар төселіп, 500 ш.метр газон төселді және 3 орныдық қойылды. Сонымен қатар 7 дана жарықтандырғыш орнатылды. Келушілерге арналған дәретхана да салынды.
Қазір жұмыстар толық орындалып, тұрғындар мен қала қонақтарын қабылдауға дайындалуда.
Осындай игі іс-шараларды жалғастыру азаматтарымыз тарапынан қолдау тапса, қаламыз гүлдене түсері сөзссіз.