Қос қала ішкі туризмді дамытпақ

Oinet.kz 06-04-2021 667

Screenshot_4.jpg

Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында ішкі туристердің санын 8 млн. адамға дейін ұлғайту мәселесі қозғалған. Бүгінде еліміздің барлық өңіріндегі туристік орталықтар осы бағытта белсенді жұмыс істеуде.

Мәселен, жуырда үшінші мегаполистегі Туристік Ақпараттық орталық бүгін ШҚО Семей қаласының дене шынықтыру жəне спорт бөлімінің» әріптестерді күтіп алды.

Делегаттар орталықтың гид- экскурсия жетекшілері қаланың көрікті жерлеріне экскурсия өткізді. Семейден келген туристер Туристік ақпараттық орталықтың ғимаратымен танысып, "ШҚО Семей қаласының дене шынықтыру жəне спорт бөлімі" ММ ынтымақтастық негізінде меморандумға қол қойылды. Бұл ынтымақтастық меморандумы екі қала арасындағы туризмды дамытып, алдағы уақытта бірлесіп бірнеше жобаларды жасауға көп септігін тигізеді. 

Оңтүстікте қатпар-қатпар тарихы бар, талай сырды ішіне бүккен киелі және тарихи мекендер көп. Солардың бірі – Бәйдібек ауданындағы "Ақмешіт" үңгіріне Семей қаласынан келген туристерді Туристік ақпараттық орталықтың гид мамандары алып барып, экскурсия өткізді.

Сонымен қатар, қаланың ішкі көркі саналатын Арбаттағы тұрғындармен пікір алмасып, Семей туралы Шымкент халқы жылы лебізін білдірді.



2200 жылдық тарихы бар Шымқала көрмесінде 200 іс-шара өткен
Шымкенттік кәсіпкер Қызыр мұнарасын жаңартпақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу