Шымкент қызғалдағымен көрікті

Oinet.kz 07-04-2021 873

Screenshot_2.jpg

Шымкент қаласының символы болып табылатын қызғалдақ бүгінде гүл ашып, үшінші мегаполисті ажарландыра түсті. Жалпы, былтыр күзде қаладағы көшелер мен гүлзарларда 1 млн-нан аса қызғалдақ егілген болатын. Қаланы көріктендіруші мамандар гүлдерді арнайы кескіндердің ізімен еккен. Шымкент қаласының 2200 жылдық уақыт керуенінде дәл осы үшінші мегаполисте өсетін қызғалдақ тұқымы да салынған болатын. Бүгінде олар Душанбе қаласында гүлдеп жатқан болар.

Қызғалдақты Голландияда ең алғаш фламандық ботаник Карл Клузиус немесе Шарль де Леклюз (Charles de l'Écluse) 1593 жылы Лейден университетінің ботаникалық саябағында өсіре бастайды. Нәтижесінде, 1594 жылы қызғалдақтың Нидерландыда өсіре бастауы ресми тарихи маңызға ие болған.

Қызғалдақтар, мысалы, ұлттық ою-өрнектер, қаланың логотипі мен геометриялық кескін пішінінде гүлдеп тұр. Мамандардың айтуынша, қызғалдақ бір айға жуық уақыт бойы гүлдеп тұрады. Содан кейін жазға қарай олардың орнына басқа гүлдер егіледі. Жаздық гүлдер де көгалдардың, субұрқақ кешендері мен қала көшелерінің көркін аша түспек. Қызғалдақ гүлдерінің гүлдеу маусымы аяқталғаннан кейін, олардың орнына жаздық гүлдер егіледі. 

Айта кетейік, қазіргі таңда әлемде қызғалдақтың 3 мыңнан астам түрі бар. Оның ішінде 75-ке жуығы жабайы және кең жайылған 150 түрі кездеседі. Елімізде қызғалдақтың 30-дан астам түрі болғандықтан, «Қазақстан – қызғалдақтың отаны» болып есептеледі.

Негізінен «Наурыздың символы» аталған қызғалдақ республикамыздың оңтүстік-шығыс таулы аймағы мен шөлейтті даласында көптеп өседі. Әсіресе, Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы, Талас Алатауы мен Шу-Іле таулы аумақтарында грейг қызғалдағы өседі.


«Бизнестің жол картасы–2025» бойынша 350-ден астам жобаға қолдау көрсетілген
2200 жылдық тарихы бар Шымқала көрмесінде 200 іс-шара өткен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу