«Бизнестің жол картасы–2025» бойынша 350-ден астам жобаға қолдау көрсетілген

Oinet.kz 06-04-2021 862

Screenshot_16.jpg

Шымкент қалалық Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағдарламаларының іске асырылуы бойынша кеңінен тоқталды. Ол қазіргі таңда ең актуалды бағдарламалар бойынша қанша қаражат бөлініп, кәсіпкерлерге көрсетілген көмектер туралы қосып өтті. Олардың арасында «Бизнестің жол картасы–2025» бағдарламасы, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасы, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бар. 

Үшінші мегаполисте мемлекеттік қолдау бойынша «Бизнестің жол картасы–2025» бағдарламасы шеңберінде 784,4 млн теңгеге 359 жобаға қолдау көрсетілген. Ал «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты аясында биыл 100-ден аса жоба қолдау таппақ. Яғни, бағдарламаның ережесіне сәйкес кәсіпкерлерге 7 жыл мерзімге 6 пайызбен несие беріледі. Сонымен қатар «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 100-ден аса жобаға қолдау көрсету жоспарлануда, – деді Береке Дүйсебеков. 

Айта кетейік, Шымкент қаласы елімізде негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсімі бойынша 1-орын, ал өнеркәсіп саласы бойынша 4-орынды иеленіп отыр.

Сонымен қатар, кәсіпкерлерге оңтайлы жағдай жасау үшін «Бизнеске арналған Үкімет» фронт-офисі ашылып, шағын және орта бизнес үшін екінші деңгейлі банктер тарапынан 35 млрд теңге несие берілген.


Шымкентте шағын және орта бизнестің үлесі 32,3 пайызды құрайды
Шымкент қызғалдағымен көрікті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу