Мұрат Әйтенов: «Шымкент – инвестицияға қолайлы қала»

Oinet.kz 05-04-2021 667

Screenshot_12.jpg

Қала әкімінің төрағалығымен өткен жуырда құрылып өз жұмысын бастап кеткен Инвестициялық штаб отырысында инвестиция потенциалы бар жобалардың мәселелерін шешу жайы қаралды. Инвесторлармен zoom платформасы арқылы байланысқа шыққан қала басшысы Шымкентте инвесторлар үшін барлық жағдай жасалатынын айтып өтті.

«Шымкент – инвестицияға қолайлы қала. Бізде арнайы экономикалық аймақ пен бірнеше индустриалды аймақ бар. Қосымша жаңа индустриалды аймақтардың құрылысы жүргізілуде. Оның бірі – «Жұлдыз» индустриалды аймағы. Мұнда құрылыс, металлургия, фармацевтика, жиһаз өнеркәсібі шоғырланады. Елуден астам кәсіпорын құрылады. Сонымен бірге Біз жобаларды «бір терезе» қағидаты бойынша толық қолдап, кедендік салықтық режим, тегін жер телімі, мемлекеттік қолдау және дайын инфрақұрылым қарастырғанбыз», деді қала басшысы Мұрат Әйтенов.

Яғни, мемлекеттік қызметті алушының құжаттарды жинау мен дайындауға барынша аз қатысуы және уақытын аз жұмсап өзінің инвестициялық жобасын іске асыруға мүмкіндік мол.  Сондай-ақ, бұл принцип қызмет көрсетушілермен тікелей байланысты жойып, сыбайлас жемқорлыққа жол бермейді. Бұған қоса, аталған жүйе бір орталықтан бірнеше қызмет түрін алуға, халыққа жайлы қызмет ұсынуға бағытталған.


Халық пайдалы инвестициялық жоба қолға алынбақ
Шымкентте 14 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылатын болады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу