Шымкентте 14 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылатын болады

Oinet.kz 05-04-2021 845

Screenshot_13.jpg

Үшінші мегаполисте өткен Инвестициялық штаб отырысында бірқатар мәселелер тікелей қала әкімі Мұрат Әйтеновпен талқыланған болатын. Әкім құрылысы аяқталуға жақын АГРС-3 автоматтандырылған газ станциясы пайдалануға берілгенде қала тұрғындарымен қатар кәсіпкерлік саласы100 пайыз сапалы көгілдір отынмен, ал, «Бозарық» қосалқы станциясы іске қосылғанда электр қуатына қол жеткізетінін атап өтті.

Бүгінде Шымкент қаласында 2021-2025 жылдарға арналған құны 3 триллион теңге шамасында болатын 210 жобадан тұратын пул құрылды. Бұл жобалармен 14 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылатын болады. Алдағы бес жылда жүзеге асатын жобалардың 99 өнеркәсіп саласы болса, 25-і ауыл шаруашылығы бағытында. Бұдан бөлек, білім саласында 20, денсаулық бойынша 9, сауда бойынша 15, туризм саласында 8, тұрғын үй құрылысы бойынша 31 және көлік және коммуналдық қызметтер аясында 3 ивестжоба бар.

Экономиканы әртараптандыру жөніндегі ұзақ мерзімді бағыттың қисынды жалғасы болып табылатын Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына орай жалпы Шымкент қаласының экономикалық ахуалын жақсартуда өңірлік инветициялық жобалар мен өзге мемлекеттен келіп жатқан инвесторлардың құзыреті зор.

Бағдарламаның басты назары қосылған құны жоғары экспортқа бағдарланған өндірістерді дамыту арқылы олардың жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және жоспарланған өршіл нәтижелерге қол жеткізу үшін барабар қаржыландыруға баса назар аудара отырып, өңдеуші өнеркәсіп салаларын және аралас қызметтерді дамыту болып табылады. 


Мұрат Әйтенов: «Шымкент – инвестицияға қолайлы қала»
Әлеуметтік осал топқа жататын кәсіпкерлерге инновациялық талап қойылмайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу