Шетелдік компаниялар Шымкентке ағылуда

Oinet.kz 05-04-2021 549

Screenshot_10.jpg

Машина жасау — еліміздің индустриялық-инновациялық дамуының басым саласы. Индустрияландыру бағдарламасын іске асырған жылдары машина жасау ең серпінді дамыған салалардың біріне айналды. Өнеркәсіптік тауарлар бойынша ҚР инвестициялық жобаларын іске асыру кезінде жоғары деңгейдегі немесе ұқсас комиссияның келісімінсіз қажеттіліктерді сатып алуға тыйым салатын қарсы шараларды енгізу орынды.

Үшінші мегаполиске биыл еліміздің түкпір-түкпірінен инвесторлар ағыла келуде. Жуырда «Jianglian Heavy Industry Group Co., Ltd.» компаниясының Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша директорының ЮАНЬ Цзялинь келді. Оның келуінің басты мақсаты – Шымкент қаласындағы машина жасау, құрылыс және энергетика жобалары аясында инвестиция құюға қызығушылығын жеткізу болатын.

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған 

мемлекеттік бағдарламасына сәйкес машина жасау және электроника қазіргі уақытта технологиялық инновацияларды енгізу және әлемнің жетекші елдерінің бәсекелестік артықшылықтарына қол жеткізу орталықтары болып табылады. 

Осыған байланысты мемлекеттердің машина жасау кәсіпорындарын кең ауқымды қаржыландыру, өнімнің жоғары технологиялық түрлерін игеру және оларды кейіннен әлемдік нарыққа шығару арқылы инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен техникалық және технологиялық қайта жарақтандыруға жәрдемдесу ерекше маңызға ие. 


Түркиялық инвестор үшінші мегаполистің өндіріс алаңдарын аралады
Халық пайдалы инвестициялық жоба қолға алынбақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу