Түркиялық инвестор үшінші мегаполистің өндіріс алаңдарын аралады

Oinet.kz 05-04-2021 656

Screenshot_9.jpg

Ел экономикасын дамытудың қозғаушы күші болып отырған Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы осы уақыт аралығында Қазақстанның өндірістік қуатын арттырып, әлеуметтік ахуалын бір серпілтіп тастағаны анық. Шетелден инвесторлар келіп, өз ұсыныстарын жеткізіп, қаланың экономикалық дамуына да өз үлестерін қосуда. Соның нәтижесінде тұрғындарды да жұмыспен қамту мәселесі оң шешімін табуда.

Осы орайда "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағына "Fed Tekstil & kumaşçılık" түрік мата өндіру фабрикасының Басқарма Төрағасы Мехмет Байхан мырза келді. "FED Tekstil & kumaşçılık " компаниясы - мата өндіру фабрикасы, тоқыма әлеміндегі жетекші түрік компанияларының бірі, мата өндіру және көтерме сатумен айналысады. Компания барқыт, креп, вискоза, интерлок, микро және т. б. сияқты маталардың 30-ға жуық түрін шығарады. 

Сапар барысында Мехмет Байхан мырзаға арнайы экономикалық аймақтың қатысушы ретінде тіркелу рәсімі, преференциялары мен шарттары туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар, Мехмет Байхан мырза "Azala Cotton" ЖШС, "Бал Текстиль" ЖШС, "Әлем БТ" ЖШС және "Lux Shoes" ЖШС сияқты кәсіпорындардың өндірістік алаңдарында болып, кәсіпорын басшыларымен өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері мен дайын өнімді өткізу нарықтары мәселелерін талқылады.


Жас ғалымдарды танытуға зор мүмкіндік
Шетелдік компаниялар Шымкентке ағылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу