Жақсы келін болғыңыз келсе
Қазақ қызы әрқашанда, енесін анасындай құрметтеген от анасы болған. Ал бұл күнде келін деген атқа лайықсыз ба? Енесін жамандайтын,маған ұнамайды деген сөзден бұрын өзіңізді осы уақытқа дейін жақсы жағынан көрсеттіңіз бе? Енеңіз болғандықтан әр-түрлі жағдайлар кездеспей қоймайды. Түсінбеушіліктер мен келіспеушіліктерді қалай шешесіздер?
Жақсы келін болу үшін төмендегі кеңестерге көңіл бөліңіз.
Жібімейтін жүрек жоқ жібіте алатын,мейірімді жүрегіңіз болса болғаны.
Енемен жақсы қатынасты орнату үшін,тілін таба біліңіз.
Енеңізді құрметтеңіз қанша өмірі қалды деп ойлайсыз.Ол да ана уайымшыл бәрі жақсы болсын деп іштей қыамығып жүретін ана.
Бар уақытында бағалай біліп,сыйластықпен өмір сүріңіз.
Алғашқы келін болып түскен кезде қобалжулар болмай қоймайды,сабырлы болыңыз.
Білмеген дүниелеріңізді сұраңыз,ұялмаңыз.
Енеңізге ұнаған тамағын әзірлеуге тырысыңыз.
Еріңізбен,енеңіз сізді кінәләп жатса сабырмен күтіңіз соңына дейін.
Сыйлықтар жасап тұрыңыз,араларыңызда сыйластық пайда болады.
Үй шаруасын барынша тыйанақты орындауға тырысыңыз.
Енеге деген қарым-қатынасыңызды түзеткіңіз келсе,бірінші өзіңізге деген қарым-қатынасты дұрыстауыңыз қажет.
Сіз өзіңізді сыйласаңыз өзгені де құрметтейсіз!
Енеге деген құрметіңізді ашық жүрегіңізбен әрдайым жылы сөзден бастап,сыйлықтарға құшағын толтыра біліңіз.
Енесін жаман көретін қыз-келіншектер бірінші өз қателерін ойлауы керек,мүмкін мен дұрыс әрекет жасамаған болармын деп?
Ешқандай ене өз келініне жаман болсын деп ұрыспайды.
Қатені түзетуге тырысыңыз,мүмкін енеңізде өз қатесін түсінер.
Уақытты күтпеңіздер,кішіпейіл болыңыздар қыз-келіншектер.
Жақсы келін болу үшін,ақыл ой таразысы мықты болғаны дүрыс.
Әр жағдайдан тезірек шыққыңыз келсе кешірімшіл болыңыз.
«Қыз еркем кестесімен көркем»,т.б мақалдар соны білдіреді.
Қысқасы, келіннің келуімен отбасында оның әсері сезілер болсын.
Келіннің қолынан татқан тамақ,ішкен шай бапты,дәмді көрінсін.Үйдің іші де бұрынғыдан гөрі әдемі,ыдыс-аяқ та бұрынғыдан гөрі таза,төңірек те бұрынғыдан гөрі жинақы ретті болсын .
Келген- кеткен: « Келіні жақсы үйдің керегесі алтын,-деген расау»- десін!
Дереккөздер: Ұ.Асылов, Ж.Нұсқабайұлы Әдептану
Дайындаған:Психолог Қанапияева Балжан Нұрғалиқызы