Баласын алып қойған жағдайда…

Oinet.kz 07-03-2019 876

843-1476211829-6982ad3b39.jpg

 Ата-аналар баланы заңның немесе сот шешiмiнің негiзiнсiз өз қолында ұстап отырған кез келген адамнан оны қайтаруды талап етуге құқылы. Дау туындаған жағдайда ата-аналар өз құқықтарын қорғау үшiн сотқа жүгінуге құқылы. Бұл талаптарды қарау кезiнде сот, егер баланы ата-аналарына беру баланың мүдделерiне сай келмейдi деген қорытындыға келсе, баланың пiкiрiн ескере отырып, ата-аналардың талап-арызын қанағаттандырудан бас тартуға құқылы.

 Егер сот ата-аналары да, бала қолында отырған адамның да оның тиісті түрде тәрбиесін және дамуын қамтамасыз етуге жағдайы келмейтінін анықтаса, сот баланы қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның қамқорлығына бередi.

Дереккөз : anabol.kz

Хабар-ошарсыз кеткен жолдасыммен ажырасқым келеді...
Енемді түсінбеймін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу