Әр елдің салты басқа

Oinet.kz 06-03-2019 964

498-1476219363-2b7b66b0b4.jpg

Бүгiнгi тәрбие туралы тақырыбымыз өзiмiзге етене жақын таныс, әрi көршiлес жатқан өзбек балаларына қатысты болмақ. Жалпы, өзбек халқының салт-дәстүрi мен әдет-ғұрпында бiздерге ұқсас тұстары аз емес. Ислам дiнiн ұстанатын мұсылмандығы, түркi тiлдес халықтар қатарына кiретiнiн айтпағанда, Қазақстан мен Өзбекстан шекарасының тым жақындығы екi ел халқының наным-түсiнiгiне де көптеген ұқсастықтарды сыналай енгiзген сияқты. Десек те, өзбек халқының бiз бiлмейтiн, бiлсек те мән бермейтiн көптеген ерекшелiктерi де жеткiлiктi. Соның бiрi – бала тәрбиесiне қатысты.

   Мемлекеттiң негiзiн құрайтын әрбiр азамат дүниеге шыр етiп келген сәттен бастап, салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүрдi отбасында меңгерiп өсу­ге тиiс. Сондықтан әрбiр өз­бек азаматы отбасының бұлжымас өзiн­дiк заңдылықтары қатаң сақталып, атадан балаға жалғасып, ұлттық тәрбиенiң желiсi үзiл­меуiне үлкен мән бередi.

  Дүниеге келген сәтiнен бастап баланың бесiгiн ана тiлiндегi тарихи-эпикалық жырлармен тербететiн ата-анасы баласының нағыз өз­бек азаматы болғанын қалайды. Сондай-ақ отбасының өзге мү­ше­лерi де “өзбек баласы өзбекше тәрбиеленуге тиiс” деген ұстанымды сақтайды. Махаллада тұратын барлық адамның өзiне бауыр екенiн сәби шағынан бiлiп өсетiн бала кейiн осы қауыммен бiрге болудың мән-мағынасын түсiнедi. Қайғыда да, қуанышта да махалла тұрғындары бiрге болады. Егер бiр тұр­ғын көшеге ағаш отырғызса, мiндеттi түрде өзгелерi де бұл игi iстi әрi қарай жалғастырып, қайталайды.   Махалладағы барлық мәселенi көптi көрген ақсақалдар ақылдасып шешедi. Үл­кен­дердiң айтқанын жастары бұлжытпай орындауға мiндеттi. Үлкен мен кiшiнiң арасындағы айырмашылық пен сыйластықты сақтау – өзбек халқының ең бас­ты парыздарының бiрi саналады. Мiне, осындай ортада өскен бала күнi ертең айналасынан көргенiн қайталап, жасы үлкен­дер­дiң iсiн өнеге тұтары анық.

  Үлкендерге көмектесу, бау-бақшаны күтiп-баптау сияқты ұсақ шаруаларға өзбек баласы 3-4 жасынан бастап-ақ икемделедi. Күннен бұрын ұйқыдан оянатын өзбектердiң еңбек­қорлығы сонау бала кезiнен қанға сiңген қасиет екенi даусыз. Сонымен қатар ата-әже, әке-шеше – бала тәрбиесiндегi ең жауапты тұлғалар. Махалла баласы балабақшаға бармайтыны да содан болса керек. 

  Өзбек отбасында бiр-екi баламен шектелу деген түсiнiк бұған дейiн де болмаған. Қазiр де жоқ. Үбiрлi-шүбiрлi, көпбалалы отбасындағы береке-бiр­лiктi айтпағанда, олардың ерекше бауырмал болып өсуiне осындай көпшiлiк орта әсерiн тигi­зедi. Бұған махалладағы өзге туыстарды қосыңыз, сонда өзбек жұртының бiр-бiрiн қорғап, қолпаштау сырын түсiнесiз.

Бұл елде үйленген жас-жұбайлар ата-анасының шаңырағынан ұзап кетпейдi. Үлкен әулiнiң бiр шетiнен үй салып, туыстарымен жақын қоныстанады. Өзбек отбасындағы басты құн­ды­лықтардың бiрi – баланың ата-анасына деген шексiз құр­метi. Бұл елде ата-анасының разылығын алмай, тiптi некесiн қи­дыруға да рұқсат жоқ. Өзбекстанда кә­рi әке-шешесiн қарау­сыз тастау немесе қарттар үйiне өткiзу сияқты жағдайлардың сирек кезде­сетiнi содан болса керек.

Дереккөзі: "Жас алаш" газеті

Ұлттық тәрбие
Баланы бесікке бөлеу міндет пе?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу