Жаңа жыл мерекесі қазаққа қайдан келді?

Oinet.kz 01-03-2019 1040

0_1544164032.4613.jpg

Алуан-алуан дерек бар...

Жаңа жыл әлем халықтарына ортақ қолданылып жүрген күнтізбе бойынша жылдың бастауы. Тарихшылар мен этнографтар бұл мейрамды қашан, қай халық ең бірінші тойлады деген сауалға түрлі тұжырымдар мен жорамалдар ұсынады. Кейбір деректерге сүйенсек, бұл күн түркілерден бастау алған көрінеді. Екінші бір деректерде біздің заманымызға дейінгі ежелгі Месопатамияда қалыптасқаны айтылады. Ал тарихи басылымдарда бұл күнді жасыл шыршамен қарсы алуды 1700 жылы қаңтардың бірі күні І Петрдің енгізгенімен байланыстырады. Белгілі тарихшы, этнограф ғалым Ақселеу Сейдімбектің еңбектерінде Жаңа жыл көшпелілердің байырғы мейрамы екені жөнінде мағлұмат берілген. Не десек те, бүгінгі Аяз ата, шырша безендіру, сыйлық үлестіру секілді көңіл көтеретін Жаңа жылдың ерекшеліктері Еуропадан келгені ақиқат.

Ал, қазаққа қайдан келді деген сауалға келсек, Жаңа жыл тойын атап өту орыс отаршылдығымен тікелей байланысты. Кеңес уақыты кезеңінде, ұзақ уақыт санамызға сіңіп қалған Жаңа жыл мен ондағы мерекелік рәсімдер қазақтың ділі мен дінінде жат болса да, әлі күнге дейін ел болып тойлайтынымыз жасырын емес. Алайда, бұл күнді «Мұсылмандарға жат, кәпірлердің мейрамы» дейтіндер де жоқ емес. «Жаңа жылдың мұсылмандардың мерекесі емес екендігі белгілі. Бірақ, біздің қоғамда Жаңа жылға қатысты «кәпірлердің мейрамы», «оны тойлау харам» деген секілді сөздерді айтуға асықпаған дұрыс деп ойлаймын. Өйткені, ұзақ жылдар санамызға сіңген салтымызға, дәстүрімізге жат кейбір дүниелерді бірден тәрік ету оңай нәрсе емес екендігін ескеруіміз керек. 

Құран Кәрім мен Пайғамбардың дінді алғаш жеткізу барысында арабтардың салт-санасын ескеріп, олардың әдетіне айналған жағымсыз қылықтары мен теріс әрекеттеріне бірден түбегейлі тыйым салмағандығын білеміз. Сондықтан, барлық салада дамудың даңғыл жолына енді түскен елімізде асыл дінімізді Құран Кәрім мен Пайғамбардың жолына сай, даналықпен жеткізсе білсек, діліміз бен дінімізге, дәстүріміз бен салтымызға жат дүниелердің уақыт өте өздігінен кейінгі буынның санасынан ығысып қалары хақ.

Ал, дінімізде өзге дін өкілдеріне құрметпен қарауға, олардың діни ұстанымдарына төзімділік таныту Құран Кәрім аяттары мен Пайғамбар хадистерінде анық, нақты келген. Христиан, яһуди дініндегі әйелдерге үйлену, олардың сойған малдарын, тағамдарын жеу, науқастарын зиярат ету, сыйлықтарын алу секілді қарым-қатынастар дінімізде тыйым салынбаған», - дейді елімізге танымал теолог Қайрат Құрманбаев. 

Дереккөз: www.bnews.kz

Алғашқы жәрдем. Егер адам үсік алса
Доңыз жылы: 2019 жыл қандай болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу