Жалақы сақталмайтын демалыс еңбек стажына есептеле ме?

Oinet.kz 08-11-2019 1467

Еңбек кодексі.jpg

Сұрақ: Жалақы сақталмайтын демалыс еңбек стажына есептеле ме?

Жауап: Еңбек заңнамасына сәйкес жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы және әлеуметтік демалыстар берілуі мүмкін. Әлеуметтік демалысқа жалақы сақталмайтын демалыс, оқу демалысы, жүктілікке және бала тууға байланысты демалыс және бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс жатады.

ҚР Еңбек кодексінің 87 бабының 5-тармағына сәйкес, әлеуметтік демалыста болған кезең еңбек стажына жатады.

Менің келісімімсіз оқытуға байланысты шығындарды ұстап қалыпты. Бұл заңды ма?
Бір жерде 1 ставкамен істейтін адамды басқа жерге 0,5 ставкаға алуға бола ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу